×

Қарағандыда аудан әкімдігі мерекелік безендіруге 1 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсамақ болған

Жергілікті атқарушы орган келісімшартты бірден 3 жылға жасауды көздеген

 Динара Амантай 18.03.2024 | 11:00
Фото: Halyq Uni

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы ауданды мерекелік безендіру бойынша жалпы көлемі 985 млн 156 мың 250 теңге болатын үшжылдық конкурстың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл ретте 1 жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары бұзылған.

Тапсырыс берушінің шартты орындау мерзімін ұлғайтуы қаржылық тұрақтылық көрсеткіші бойынша әлеуетті жеткізушілердің қатысу мүмкіндігін шектеген. Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі конкурсының күші жойылып, конкурс 1 қаржылық жылға жариялау талаптарына сәйкестендірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кәсіпкерлік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама