×

Рудныйда мобильді операторларға 10 млн теңге айыппұл салынды

Қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенна мен құрылғылар орнатылды

 Халық үні 14.02.2024 | 09:58
Фото: unsplash.com. Лия Миронова

Рудный қаласында мобильді операторларға 10 млн теңге айыппұл салынды. Жергілікті прокуратура қалада 3G/4G бойынша интернетке қол жеткізу сапасы жылдамдығының бұзылғанын анықтаған.

Байланыс операторларына 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Нәтижесінде мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты. Осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама