×

Астанада жоқ пәтерлерді «жалға берген» әйел ұсталды

Полицияға 11 азамат жүгінген

 Еркеғали Болатұлы 09.02.2024 | 17:20
фото: Halyq Uni

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Астана қаласы Алматы ауданының полицейлері жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтыққа қатысы бар Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтады.

2023 жылдың қараша айынан бастап әйел сайтқа жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Онда нарықтық бағадан төмен баға және пәтер интерьерінің тартымды фотосуреттері көрсетілген.

Негізінен алаяқтың арбауына тұрғын үйді тәулік бойы жалға алатын қала сыртынан келген азаматтар алданған.

Мәселен, полицияға пәтер жалдағаны үшін бейтаныс әйелге 123 мың теңге аударған Алматы қаласының тұрғыны жүгінген. Хат алмасу барысында ол жалға берушіге 20 мың теңге көлемінде ақша аударған. Ақша аударғаннан кейін телефон нөмірі бұғатталған.

Қазір полицияға 11 азамат арызбен жүгінген. Аталған фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да жәбірленушілердің бар-жоғы анықталу үстінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама