×

«Проблема бар». Тамара Дүйсенова әлеуметтік төлемдер арасында айырмашылық ұлғайып кеткенін мойындады

Сол үшін әлеуметтік төлем стандарттары қайта қаралмақ

 Ербол Тұрымбет 26.05.2022 | 11:30
коллаж: Halyq Uni

Биыл сәуірден бастап әлеуметтік сала шығыстары қосымша 4%-ға индекстелген еді. Соған байланысты бүгін сенат отырысында депутат Рысқали Әбдікеров 40-50 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 2 мың теңгеге ғана өссе, 300-400 мың теңгедегі зейнетақы 16 мыңға дейін артқанын мысалға келтірді. Сөйтіп, бұл арадағы теңсіздікті қалай азайтпақ екенін сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Бұл қаражат ең төменгі зейнетақы мен бір млн-ға жуық адамның табысының ең төмегі күнкөрісінен кейін қаншалықты күн көруге мүмкіндік береді? Жалпы, индекстеуден кейін азаматтар төлемдердің өсуін барынша сезіну үшін ең төменгі стандарттар әдіснамасын қайта қарау бүгінде министрлік жоспарында бар ма?», – деп сұрады депутат. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, индексациялау бюджеттік регламент бойынша инфляция деңгейіне байланысты жүргізіледі.

Ал ең төменгі төлемдер жөнінде төменгі зейнетақы, ең төменгі еңбекақы, жәрдемақы жөнінде сіздің пікіріңізбен толық келісем. Сондықтан біз қазір Ералы Лұқпанұлы айтқан жоспар («Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары) ішінде де ең төменгі зейнетақыдан бастап ең төменгі жәмдемақыға дейінгі стандарттарды қайта қарау жөнінде он шақты жоспарымыз тұр, – дейді министр. 

Жалпы, зейнет жасын ұзарту – әлемдік тенденция. Еуропалықтарда ең төмені 60 жастан басталады. Мысалы, әйелдер Англияда – 62, Германияда 65 жастан бастап зейнетақы алады. Сарапшылардың пікірінше, мұның себебі – еуропалықтар «қартайып» бара жатыр.

Экономист Бауыржан Ысқақовтың пікірінше, зейнет жасын төмендету дұрыс. Сонымен қатар зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеймін деушілерге белгілі мөлшерде мүмкіндік берілуі керек.

«Біріншіден, зейнет жасын төмендету еңбек нарығына оң әсер етеді. Өйткені, үш жыл бұрын зейнетке шыққанның өзінде қаншама жұмыс орны босайды. Жұмыссыздық мәселесін 12-15% шешуге болады. Екінші, жалпы 60 жастан асқан адамның физикалық, моральдық, психологиялық қабілеті төмендейді. Қай салада болса да еңбек өнімділігі, еңбек белсенділігі азаяды. Демек, зейнет жасы төменірек болса, бәсекеге қабілетті маман дайындау, бәсекеге қабілетті өнім даярлау мүмкіндігі болады», – дейді сарапшы.

Ал экономист Мақсат Халық зейнет жасын өсіру әлемдік тенденцияға айналғанымен, біздің елдің жағдайында денсаулық сақтау жүйесін ілгерілетуі керектігін айтады. Әсіресе, ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеген немесе ерекше балаға күтім жасайтын әйелдерді ертерек зейнетке шығарудың жолын қарауды құп санап отыр.

Тамара Қасымқызының сөзінше, сол жоспарларын жасауға ұлттық және халықаралық сарапшылар шақырылып, жұмыс басталып кеткен. Қазір бірқатар ұсыныс дайындалып жатыр. Соның нәтижесінен кейін жұмыс тобы құрылуы тиіс. Ең төменгі стандарттар жөнінде барлық ұсыныс сонда нақтыланбақ. 

«Проблема бар. Ең төменгі зейнетақы мен орташа зейнетақы, орташа зейнетақы мен жоғары зейнетақы арасында үлкен айырмашылықтар пайда болды. Ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қайта қарау арқылы сол айырмашылықты жөндемекпіз», – дейді Дүйсенова.

«Тоқ болған күніміз жоқ». Атырауда 50 шақты ана қала әкімдігінің алдына жиналды. Жұмыссыз қалған қазақстандықтар арнайы төлем алды. Биыл ана мен баланы қолдауға 77 млрд теңге төленді. Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті. Нұр-Сұлтанда түрмеден шыққандарға ақшалай көмек көрсетілмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама