×

Түркістан облысында білім саласына бөлінген 1,8 млрд теңге ұрланған

Күдіктілер 120 млн теңгені өз еркімен өтеді

 Халық үні 25.01.2024 | 17:30
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында білім саласына бөлінген 1,8 млрд теңгені жымқыру бойынша екі факті тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім бөлімінде 600 млн теңгені заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

2 ауданда мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.

Іс бойынша күдіктілер 120 млн теңге келтірілген шығынды өз еркімен өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама