×

Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел сотталды

Ол жазасын 5 жылдан кейін өтейді

 Халық үні 18.01.2024 | 11:22
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасы филиалын ұйымдастырушы сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Жумагазина 2019 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың маусымы аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында Qnet халықаралық компаниясы филиалының тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, оны басқарған. Ал бұл ұйымның қызметі бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған.

Қаржы мониторингі органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрады.

Сот үкімімен Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Барлық салымшыдан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

Айта кетейік, қаржы пирамидасын құрған адамның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама