×

Ақмола облысында шенеунік көппәтерлі үйді салуға бөлінген қаржыны жымқырған

Облыстық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгертілді

 Динара Амантай 11.01.2024 | 14:47
Фото: Ақмола обл. сотының баспасөз қызметі

Ақмола облысында басқарма басшысының орынбасары көппәтерлі үйді салуға бөлінген қаржыны жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталғандар Щучинск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлап, толық көлемде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау туралы актілерге қол қойған.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысының құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, мердігерлік ұйымының директоры және сараптама мен техникалық қадағалауды іске асырған маман, әрқайсысы 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Техникалық қадағалау маманының көмегін пайдаланған мердігерлік ұйымның директоры қылмысты ұйымдастырушы болып танылды.

Облыстық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгертілді.

 Қылмыс жасаудағы белсенді рөлін және қарт жасын (74 жас) ескере отырып, техникалық қадағалау маманының бас бостандығынан айыру жазасы 2 жылға дейін қысқартылды. Сондай-ақ оған және мердігерлік ұйымның директорына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды. Басқарма басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, – делінген сот хабарламасында.

Шенеуніктің кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сот-құрылыс экономикалық сараптамасының қорытындыларымен дәлелденді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама