×

Шымкентте қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды

 Динара Амантай 04.01.2024 | 11:30
Фото: Halyq Uni

Шымкентте қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен іске асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға салынған сомадан 40% пайда алуға уәде берді. Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды. Салымшыларға келтірілген шығын көлемі – 49 млн теңге, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен аталған азаматтар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама