×

Биыл Астанада қар кеш жауды: үнемделген 2 млрд теңге қайда жұмсалады?

Биыл елордада қар әдеттегіден бір ай кешігіп жауды

 Дәурен Ерболат 22.12.2023 | 13:11
photo © Halyq Uni / Алиакпар Қадырбаев

Биыл Астана қаласында қар әдеттегіден кеш жауып, тез еріп кетті. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қыстың «кешігіп» жеткенін айтып, әкімдік қар күреуден 2 млрд теңге үнемдегенін жеткізді.

Астанада қар бір айға кешігіп жауды. Осылайша, 2 млрд теңге үнемделді. Мұны біз әлеуметтік салаға жұмсаймыз. Қалада шешімін таппаған мәселелер көп. Мысалы, мектептер мен балабақшалар. Үнемделген қаржы осы мақсатқа жұмсалады, - деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 2027 жылға дейін 180 мыңға жуық оқушыға арналған 65 орта білім орны салынатыны хабарланды.

Қазір елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама