×

Семей машина жасау зауыты қызметкерлеріне 9 ай бойы жалақы төлемеген

Абай облысы прокуратурасы қызметкерлерге 90 млн теңге төлеуге бастамашы болды

 Халық үні 09.12.2023 | 11:04
Фото: Halyq Uni

Абай облысы прокуратурасы 90 млн теңгеден астам жалақы берешегін өтеуге бастамашы болды.

Абай облыс прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқығының сақталуына мониторинг пен бақылау жүргізді. Нәтижесінде облыс прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы қарызы өтелді.

Ішінде «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төлемегені анықталды.

Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шара қабылдады. Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама