×

Абай облысында ауыл әкімдігі 270 млн теңгенің келісімшартын заңсыз жасасқан

Біріншісінде мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төленді

 Динара Амантай 13.11.2023 | 11:08
Фото: Halyq Uni

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5,4 млн теңге айыппұл тағайындалды. Сондай-ақ бұл ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді. Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төленді. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты, – делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама