×

Қазақстандықтардың 425 млн теңгесін жымқырған қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Динара Амантай 01.11.2023 | 09:40
Фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі аяқтап, сотқа жіберген.

Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бұл ретте «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақша тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген. Жалпы тартылған салымшылардың саны – 425 адам. 523 млн теңгеге, оның ішінде нақты 490 млн теңгеге жуық ақша жоғалтқан 411 азамат жәбірленуші деп танылды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама