×

ШҚО-да әкімдік кәсіпкерлерге 900 млн теңгеден аса субсидия төлемеген

Тасымалдаудың көрсетілген түріне барлығы 8 кәсіпкерлік субъектісімен шарттар жасалған

 Динара Амантай 31.10.2023 | 17:14
Фото: Halyq Uni

ШҚО-да прокуратура талабы бойынша тасымалдаушыларға 700 млн теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өскемен қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында қалалық тұрғын-үй шаруашылығы бөлімі облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын іске асыратын тасымалдаушылармен жасалған шығындарды субсидиялауға арналған шарттар шеңберінде кәсіпкерлерге 900 млн теңгеден аса қаражат төленбегенін және орындалған жұмыстар туралы есептерді олар жергілікті атқарушы органға белгіленген мерзімде ұсынғанын анықтады.

Тасымалдаудың көрсетілген түріне барлығы 8 кәсіпкерлік субъектісімен шарттар жасалған.

Осы фактілер бойынша Өскемен қаласының прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, нәтижесінде тасымалдаушыларға 700 млн теңгеден астам субсидия төленді. Қалған қарыз бөлігін өтеу жалғасып жатыр және қала прокуратурасының бақылауында, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама