×

Үкімет басшысы қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы неге көбейгенін түсіндірді

Үкіметте халықтың қаржылық сауаты сөз болды

 Дәурен Ерболат 31.10.2023 | 11:51
көрнекі фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан азаматтарының банк алдындағы қарызы – несиесі неге көп екенін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға  айналған.

Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі – 9,2 трлн теңге. Осыған байланысты бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері – шамамен 1,5 млн теңге, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша 1 млн теңге, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, кейбір азаматтар төлеу мерзімі өтіп кеткен кредитін жабу үшін одан да жоғары пайызбен тағы кредит алады.

Шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Банк кредит беруден бас тартқан жағдайда, олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша, адамдар қаржылық сауатының төмендігінен жағдайын қиындата береді, - деді Үкімет басшысы.

Еске салайық, Үкімет отырысында халықтың шамадан тыс несие алуын азайту жөніндегі мәселелер қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама