×

Қарағанды облысында ауыл әкімдіктері 53 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған

Сатып алу бағасының тым жоғары болуына байланысты мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілмеді

 Динара Амантай 14.10.2023 | 11:04
Фото: Halyq Uni

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер мемлекеттік сатып алу порталында көтерілген бағаларға мониторинг жүргізу арқылы мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 52 млн 963 мың теңгені құрайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәселен, Есенгелді ауылдық округімен жалпы сомасы 7 млн 715 мың теңге болатын сыртқы жарықдиодты ағаштарды сатып алу, 3 млн 821 мың теңгеге «Шахтер» футбол клубы» АҚ-мен футболкалар және «Металлургия – Металл өңдеу» өндірістік паркі» ЖШС-мен 5 млн теңгеге қозғалтқышн сатып алуға тосқауыл қойылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сатып алу бағасының тым жоғары болуына байланысты аталған мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілмеді.

Сонымен қатар, Шет ауданы, Ортау ауылындағы саябақты абаттандыру бойынша 28 млн 712 мың теңгеге мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу арқылы әлеуетті жеткізушілер санын шектеуге әкеп соққан техникалық ерекшеліктерді күрделендіру арқылы іске асырылған жасанды тосқауылдар анықталды.

Антикор еріктілерінің араласуы арқылы тапсырыс берушімен жаңа конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтық қамтамасыз етілді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама