×

Астанада құрылыс компанияларының басшылары қамауға алынды

Үлескерлерден 4 млрд теңге алып, құрылысқа іс жүзінде 900 млн теңге жұмсаған

 Динара Амантай 18.09.2023 | 13:11
көрнекі фото: Halyq Uni

Астанада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, қыркүйектің басында ведомствоның нұсқауы бойынша полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілген.

Үлескерлердің 4 млрд теңгеден аса қаражаты тартылған. Алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген. Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама