×

Қазақстандықтардың соңғы 3 айдағы орташа жалақысы белгілі болды

74,6 пайыз халықтың негізгі кірісі – жалақы

 Еркеғали Болатұлы 18.09.2023 | 12:45
фото: Halyq Uni

2023 жылдың екінші тоқсанынының алғашқы айында орташа жалақы айына 365 мың теңгеден асты. Бұл сомаға барлық жәрдемақы, қосымша төлемдер кірді.

Бұл ретте оны есептеу кезінде ұсталған жарналар есепке алынбаған. Орта есеппен жұмысшылар айтарлықтай аз алады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың екінші тоқсанындағы 3 айда орташа жалақы небәрі 283 647 теңге болған.

Орташа жалақы мен орташа табыс арасындағы айырмашылық өте үлкен. Ол тоқсандық көрсеткішті 3 айға бөлсе, бірден байқалады. Қазақстандықтардың орташа айлық табысы 2023 жылдың екінші тоқсанында небәрі 94 549 теңге болған, яғни ол – елдегі орташа жалақыдан 4 есе аз.

Бұл айырмашылық есептеу әдісімен анықталады. Орташа жалақы барлық жұмысшы арасында есептеледі. Ал жан басына шаққандағы ақшалай кірісті есептеу кезінде Қазақстанның барлық тұрғыны, соның ішінде зейнеткерлер, балалар және жұмыссыздар есепке алынады. Сондықтан жалпы сома шартты түрде шығады.

Ел тұрғындарының басым бөлігінің табысы, яғни 74,6 пайыз халықтың кірісі – жалақы. Сонымен қатар жалдамалы жұмыстан түскен табыс 65,2 пайыз болса, жалдамалы емес жұмыстан 9,4 пайыз ғана түседі.

Зейнетақы табыс құрылымының 17,3 пайызын қамтыды. Жәрдемақы – 3,8 пайыз, шәкіртақы – 0,4 пайыз, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатындардың үлесі – 0,1 пайыз.

Сарапшылар басқа табыс көзінен түскен кірісті де атап өтті. Атап айтқанда, тұрғындардың достары мен туыстарының материалдық көмегі, оның ішінде алимент төлемдері жалпы табыстың 1,9 пайызын қамтиды. Шамамен халықтың 0,5 пайызы мүліктен түскен кірістер және 1,4 пайыз басқа да ақшалай түсімдер арқылы табыс табады.

Айта кетсек, аймаққа байланысты жалпы көрсеткіш айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мысалы, Алматы қаласында жылжымайтын мүліктен түскен табыс табатындардың үлесі 1,7 пайызды құраған. Маңғыстау облысының халқы жалдамалы жұмыстан түскен табыспен (81,7 пайыз) ерекшеленеді. Ал Астана тұрғындарының 4,8 пайызы көбінесе туыстарынан материалдық көмек алады. Бұл ретте Жетісу облысы, сондай-ақ Қызылорда және Қостанай облыстарында 0,2 пайыз халықтың атаулы әлеуметтік көмек алатыны белгілі болды. Осылайша, қазақстандықтардың негізгі табыс көзі еңбек қызметі екенін атап өтуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама