×

Атырау облысында аудан әкімдігі гүл көшеттерін 3 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Антикордың нұсқауымен лот жойылды

 Динара Амантай 07.09.2023 | 16:28
Фото: СЖҚА Атырау обл. бойынша департаменті

Атырау облысында аудан әкімдігі гүл көшеттерін 3 есе қымбатқа сатып алмақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ведомство еріктісі мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізген. Талдау барысында Мақат ауданы әкімі аппаратының жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге 100 гүл көшетін (1 данасын 15 мың теңгеден) сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Бұл көшеттердің нарықтық орташа бағасы – 5 мың теңге. Демек, мемлекеттік орган бағаны 3 есе көтерген.

Бұл ақпаратты ерікті тиісті шаралар қабылдау үшін облыстың Антикор қызметіне жолдады.

Департамент Мақат ауданы әкімінің аппаратына мемлекеттік сатып алуды қайта қарау туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде лот жойылды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жұмыстарын жүргізу бойынша нұсқаулықтан өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама