×

Сатып алынған жабдықтар босқа тұр: Астананың ветеринария саласында 330 млн теңге көлемінде заң бұзу анықталды

Қалада 16 мыңнан астам ит-мысық бар

 Айнұр Шошаева 06.09.2023 | 11:05
Фото: Halyq Uni

Астананың ветеринария саласына бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып отыр. Бюджет қаржысына алынған жабдықтар 2020 жылдан бері пайдаланылмай келеді. Бұл туралы Астана қаласының тексеру комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni

Тексеру комиссиясы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымның активтерді басқару қызметінің тиімділігіне жүргізген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын жариялады. Бүгінде Астанада ветеринариялық анықтамалар мен паспорттар беру бойынша 2 қызметті Астана ветеринария қызметі жүзеге асырады. Ал бұл мекеме әкімдіктің Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасына қарайды.  

Басқарма қызметін тексеру оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және жасау кезінде тиісті өзгерістердің уақтылы енгізілмегенін атап өтті. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауды (373,8 млн теңге), тікелей және түпкілікті көрсеткіштерді дұрыс бекітпеуді, сондай-ақ «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу»  және «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша есептік деректердің бұрмаланғанын  көрсетті, - делінген есепте. 

Атап айтқанда, 0,5 млн теңге экономикалық шығын есептен шығарылған ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік нөмірлерін кәдеге жарату кезінде, оларды кейіннен металл сынықтары ретінде тапсырусыз және түскен қаражатты бюджет кірісіне аударусыз жіберілген.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның төтенше жағдайларды жою жөніндегі шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды іске асыру кезінде жөндеу жұмыстарын сапасыз орындауға 1,3 млн теңге кеткен.

Аудит осыған ұқсас бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктерді «Астана ветеринария қызметі» кәспорнында да  анықталғанын атап өтті. Мәселен, мекеме еңбекақы төлеу қоры, басшы, оның орынбасарларының, бас бухгалтердің лауазымдық жалақыларының мөлшері бекітілмеген, осылайша 51,7 млн теңге тиімді жоспарланбаған. Сонымен қатар тексеріс кезінде мекеменің активтерін тиімсіз пайдаланып отырғанын көрсетті. 

2022 жылғы 9 қарашада балансқа қабылданған құны 52,1 млн теңге жиналмалы ангарлардың үш жиынтығы, атап айтқанда, ауданы 170 м2 тез салынатын қаңқасыз металл құрылыс жарты жылдан астам пайдаланылмай босқа тұр. Сондай-ақ 2020 жылғы тамыздан бастап жануарлардың мәйіттерін кремациялау қажетті құны 52,2 млн теңгелік ветеринариялық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған жабдық пайдаланылмай тұр.

Жануарларды зарарсыздандыру және кастрациялау үшін құрылған бұрмаланған келісімшарттан 33,6 млн теңге шығын келіп отыр, - дейді комиссия. 

Сондай-ақ комиссия ит-мысықтарды күтіп-бағу қызметінің есебінің актілері дұрыс есепке алынбаған деп отыр. Нәтижесінде көрсетілмеген қызмет үшін бюджеттен 15,3 млн теңге негізсіз төленген. 

Сәбит Мұқанов 2/1 мекенжайындағы панажайда да заңнама мсақталмаған. Қоршаулардың қарапайым санитариясы қамтамасыз етілмеген, ауыз су жоқ, жануарларды қауіпсіздікте ұстау шарттары сақталмаған. Жеке қоршауларда иттер қашып кетуі мүмкін тесік бар. Кәсіпорын тарапынан үй жануарларының иелерін ақпараттандыру бойынша жұмыс жеткіліксіз, TANBA мәліметтер базасына жүргізілген талдау көптеген иелердің үй жануарларын тіркемейді, - деді тексеру комиссиясы. 

Айта кетейік, портал деректеріне сәйкес бүгінгі күні Астана бойынша 16 229 жануар, оның ішінде 11 148 ит және 5 081 мысық тіркелген. Алайда, тіркеуге жататын жануарлардың саны туралы  сараптамалық деректер жоқ.

Жалпы аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 330,4 млн теңге қаржылық бұзушылықтар анықталған.  

Барлығы әкімшілік жауапкершілік белгілері бар 7 факт анықталды, оның ішінде аудит барысында 6 факт бойынша аудит объектілерінің 5 қызметкеріне жалпы сомасы 862,6 мың теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жануарлармен жауапты қарым-қатынас саласындағы талаптарды сақтамау фактісі бойынша тиісті шешім қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Полиция департаментіне бір материал жіберілді, - деп қорытындылады ведомствода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама