×

Маңғыстау облысының әкімдігі дәретхана қағазына 7 млн теңгеден астам қаржы бөлген

Ведомство қызметкерлері күніне 104 100 метр қағаз шығындайды екен

 Еркеғали Болатұлы 04.09.2023 | 15:28
фото: bigfrog104.com

«Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жыл басында дәретхана қағазына арнап 7 024 609 теңге қаржы бөлген. Бұл туралы adyrna.kz хабарлады.

Тендердің жеңімпазы 2023 жылдың 19 қаңтарында анықталған. Әкімдік қызметкерлерінің табиғи әжетіне арнап бюджеттен бөлінген 7 024 609 теңгеге 11 570 дана дәретхана қағазы сатып алынған. Әр қағаздың құны – 607 теңгеден. Ол қағаздың әр данасында 12 орам болуы міндетті. Оған қоса, ақтаулық шенділер 2 қабатты, 100 пайыз целлюза материалынан жасалған, ені 12 сантиметрлік, орам ұзындығы 150 метр, түсі ақ қағаздарды ғана пайдаланады екен.

Техникалық сипаттамада тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1 157 дана (әр данада 12 орам) дәретхана қағазын жеткізіп тұруға міндеттелген. Демек, Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884, күніне 694 орам қағазды (20 жұмыс күнін есептегенде) кәдеге жаратады-мыс. Әр орамның ұзындығы 150 метр деп есептесек, облыс әкімдігінің қызметкерлеріне күніне халықтың қалтасынан жиналған ақшаға 104 100 метр дәретхана қағазын сатып әперіп беріп отырмыз деген сөз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама