×

«Самұрық-Қазына» басшылығы 406 млн теңге сыйақы алды

Басқарма төрағасын қосқанда жалпы алты басқарма мүшесі бар

 Бауыржан Мұқанов 28.08.2023 | 12:18
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 2022 жылы басқарма мүшелеріне 406,5 млн теңге төледі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы органының мүшелеріне төленген жалпы сыйақы 2022 жылдың аяғында 406 496 960 болды», - делінген қор биржасында шыққан хабарламада.

2021 жылдың қорытындысы бойынша басқарма мүшелеріне 275,2 млн теңге төленген еді. Осылайша, мемлекеттік холдингтің топ-менеджерлеріне төлем бір жылда 47,7% өсті.

«Самұрық-Қазына» қорының сайтында айтылғандай, қорда басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қосқанда алты басқарма мүшесі бар.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры басқарма мүшелеріне 266,1 млн теңге төленген болатын.

Қор 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 трлн теңге, 2021 жылы 1,6 трлн теңге таза пайда тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама