×

Қазақстанда салықты көп төлейтін компаниялардың тізімі: «АрселорМиттал Теміртау» 10-дыққа да кірмейді

«Теңізшевройл» – Қазақстандағы ең көп салық төлейтін компания

 Халық үні 21.08.2023 | 13:14
фото: АМТ баспасөз қызметі

Қазақстанда 2022 жылы салықты ең көп төлеген компаниялардың тізімі жарияланды. Ranking.kz мәліметінше, алғашқы 10-дыққа ілінген компаниялардың 8-і мұнай және газ өндіретін кәсіпорындар.

  • «Теңізшевройл» – 4,6 трлн тг;
  • «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» – 1,4 трлн тг;
  • «Маңғыстаумұнайгаз» – 434,9 млрд тг;
  • «Өзенмұнайгаз» – 269,7 млрд тг;
  • «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» – 239,1 млрд тг;
  • «Қаражанбасмұнай» – 205,9 млрд тг;
  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» – 190,2 млрд тг;
  • «Азия Газқұбыры» – 166,5 млрд тг;
  • «Филип Моррис Қазақстан» – 161,8 млрд тг;
  • «Ембімұнайгаз» – 159,3 млрд тг.

Жуырда 5 кенші қайтыс болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2022 жылы 102,5 млрд теңге салық төлеген. Бұл көрсеткіш бойынша кәсіпорын рейтингте 21-орынға жайғасқан.

Тау-кен компаниялар тобы әлі күнге дейін Қазақстандағы салық ең көп төлейтін кәсіпорындар қатарына жатады (2022 жылы 9,5 трлн теңге салық төлеген). Одан кейінгі орында өңдеу өнеркәсібі (1,5 трлн теңге) және сауда саласы (835,5 млрд теңге).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама