×

Қазақстанның Даму банкі басшылығы 252 млн теңге жалақы мен сыйақы алды

Іссапарға 84 млн теңге жұмсалған

 Бауыржан Мұқанов 18.08.2023 | 11:34
Фото: egemen.kz

Қазақстанның Даму банкі атқарушы орган мүшелеріне 2022 жылға 251,7 млн теңге жалақы мен сыйақы төледі, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

2022 жылғы қаржылық есепте директорлар кеңесін ұстауға жұмсалған шығын 230,6 млн теңге (2021 жылы 253,2 млн теңге) болған.

Қызметкерлерге төленген қаражат 5 млрд теңгені құрады, 2021 жылы көрсеткіш 4,3 млрд теңге болған. Оның ішінде іссапарға 84,2 млн теңге (2021 жылы 81,6 млн теңге), оқыту және біліктілік арттыруға 56,7 млн ​​теңге (2021 жылы 65,4 млн теңге) кеткен.

Компанияның таза пайдасы былтыр 31,5 млрд теңгеден 34,1 млрд теңгеге дейін өсті. Активтер 3,7 трлн теңгеден 3,94 трлн теңгеге, міндеттемелер 3,2 трлн теңгеден 3,3 трлн теңгеге, меншікті капитал 556,8 млрд теңгеден 614,5 млрд теңгеге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Bereke Bank пен КСell басшылығының алған жалақысы мен сыйақысын жариялаған едік.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама