×

Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін әжетхана үшін 87 млн теңге аударған

Бұл факті тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2023 | 13:49
фото: gov.kz

Ақтау қаласының әкімдігі жұмыс істемейтін дәретханаларға 87 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

Әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Ақтау әкімдігінің қалалық жағалауға 5 қоғамдық әжетхана орнатқаны белгілі болды. Бірақ тұрғындар оларды пайдалана алмаған.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін екі күн өткен соң жеткізушіге 87 миллион теңге көлемінде толық соманы аударған», - делінген хабарламада.

Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Енді аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша заңбұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама