×

Әжетхана саудасында 64 млн теңгенің ізі жоқ: Алматы әкімдігі оларды қымбатқа сатып алған

«Әділдік жолы» тиісті орындардан тексеріс жүргізуді сұрайды

 Ербол Тұрымбет 14.08.2023 | 15:18
Фото: https://almaty-akshamy.kz/

Алматы әкімдігі әжетханадан ақша жымқыруға көшкендей. Жаңа әжетхана сатып алу барысында шамамен 64 млн теңгенің ізі жоқ. Оны «Әділдік жолы» РҚБ өкілдері әлеуметтік парақшасында жазды. 

Мәселен, суретте көрсетілген әжетханалардың нарықтағы құны 4 785 000 теңге тұрады. Оны Алматы қаласы Сот сараптамалары институтының тауартану зерттеуі көрсетіп берді. Бірақ қала әкімдігі оны 7 979 954 теңгеден сатып алған. 

Ал жалпы саны 20 санитарлық-гигиеналық қондырғы алынғанын ескерсек, онда шамамен 63 899 080 теңгенің ізі жоқ болып шығады.

Оған қоса, сарапшылардың қорытындысына қарағанда, әжетхана модульдері техникалық спецификаларына көптеген параметрлері бойынша сай келмейді. Демек, шығын көлемі де әлдеқайда көп деген сөз. 

Ақырына келгенде, сол әжетханалар жұмыс істемей қалған. Оған дәлел, алматылықтар шағымды қаптатқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама