×

LRT жобасы: тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды

LRT жобасының 2-ші кешенін аяқтау 2026 жылдың соңына дейін қарастырылып отыр

 Халық үні 14.08.2023 | 10:57
фото: Halyq Uni

Астана қаласындағы LRT жобасының жалпы құны – шамамен 1,9 млрд доллар. Іске қосуды жеделдету мақсатында жоба 2 кешенге бөлінген. І іске қосу кешенінің құны – 1,15 млрд доллар, ІІ іске қосу кешені – 735,5 млн доллар. Құрылысқа China Railway Asia-Europe Construction Investment қытай компаниясы тартылды. 

І кешен бойынша: 8 станция болады (101 – әуежай, 105 – Қабанбай батыр айналма жолы, 107 – Мега орталығы, 109 – Ботаникалық бақ, 111 – Сығанаққа бұрылу, 112 – Әбу-Даби Плаза, 114 – музей, 118 – вокзал), сондай-ақ 5 бірлік жылжымалы құрамды сатып алып, желіге қосу көзделген.

2024 жылдың соңына дейін эстакада бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары, соның ішінде рельсті монтаждау, электрлендіру және т.б. жұмыстар аяқталады, сондай-ақ 8 станция құрылысы аяқталып, тестілік пайдалану жұмыстары басталады. Осылай, ІІ кешенді іске асыру аяқталады және жолаушыларды тасымалдау үшін пайдалануға беріледі.

І іске қосу кешенін пайдалану кезеңінде ІІ іске қосу кешеніне қатысты жұмыстар қатар жүргізіледі, яғни қалған 10 станция, сондай-ақ қосымша 14 бірлік құрам және оларды жөндеуге, қызмет көрсетуге арналған жабдық бойынша. ІІ кешеннің аяқталу мерзімі 2026 жылдың соңына дейін.

Жобаны іске асыру халықаралық әуежайдан «Нұрлы Жол» теміржол вокзалына дейін, Қабанбай батыр даңғылы, Сығанақ даңғылы, Шәмші Қалдаяқов көшелерінің бойымен жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік береді. Маршруттың жалпы ұзындығы – 22,4 км, оның бойында 18 станция салу көзделген. Олар қала маңын, жаңа орталық мешітті, Мега орталық алаптары мен аудандарын, соның ішінде Назарбаев университетін, ботаникалық бақты, Әбу-Даби Плазаны, министрліктер үйін, Тәуелсіздік алаңы бар Орталық музейді және одан әрі перспективалы «Мыңжылдық аллеясы» ауданын қамтиды. Жоғарыда аталған жерлер халықты тартудың орталығы болады және жол инфрақұрылымын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Желіге қызмет көрсету үшін жөндеу және күтіп ұстау депосы бар 19 бірлік жылжымалы құрам қарастырылған.

Жылжымалы құрам ретінде «CRRC Tangshan Co., Ltd» өндіруші зауыттың «TRITON» моделі қарастырылған. ҚХР-да 100 жылдан астам тарихы бар. Қуаты – 115 KW және максималды сыйымдылығы – 652 адам, максималды жылдамдығы – 80 км/сағ. Құрамдар толығымен автоматтандырылған және пилотсыз, яғни операторсыз қашықтан басқарылады. LRT-ның жолаушылар легі тәулігіне 25 мың адам болады деп күтіледі.

Станциялар барлық қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына сәйкес іске асырылады. Билеттерді сатып алу, автоматтандырылған түрде де, сауда алаңдары мен санитарлық-гигиеналық тораптары бар күту залдары және адамдардың қауіпті жерлерге шығуына жол бермейтін жүйелер қарастырылған. Станцияға көтерілу үшін эскалаторлар, сондай-ақ мобильділігі төмен азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін лифттер көзделген.

Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылы бойынша 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі және Сығанақ пен Қалдаяқов көшелерінде 7 жер үсті өткелі салынады.

2023 жылы эстакада мен станцияның темірбетон конструкцияларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Жүйенің қолданыстағы кең даңғылдарды кесіп өтуіне байланысты, жоба бойынша жеке типтегі монолитті балкалардың  құрылысы қарастырылған. Осы ретте Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балка бекітілген соң уақытша конструкциялар алынып тасталады, жол қозғалысы қалпына келтіріледі. Жұмыс 2023 жылдың 30 қарашасына дейін жүргізіледі. Осындай жұмыстар Сауран, Ақмешіт, Түркістан көшелерінің қиылысында да жүргізіледі.

Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін, яғни Қабанбай батыр, Сығанақ, Қалдаяқов және А82 көшелеріндегі LRT желісінің барлық учаскелерінде жүргізіліп жатыр. Эстакаданың темірбетон конструкцияларын салу үшін жергілікті материалдардан жасалған бетон, арматура Қазақстан мен Ресейден, Есіл өзені арқылы өтетін көпір конструкциялары ҚХР қолданылады.

Эстакаданың монолитті темірбетон конструкциялары елдің климаттық жағдайларына сәйкес нормативтік талаптарға сай келеді. Жоба бойынша агрессивті орта мен төмен температураға төзімді бетондарды қолдану қарастырылған, ол цемент пен агрегаттарды таңдау, бетон құрамын таңдау, бетонның өткізгіштігін төмендету, суды реттейтін, белсенді минералды, ауа өткізгіш және басқа қоспаларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, коррозияға төтеп беретін арматура қолдану, темірбетон конструкцияларын дайындау және монтаждау сатысында бөлшектер мен байланыстырушы арматура қаңқаларын коррозиядан қорғау көзделген. Монолитті темірбетон конструкцияларының қорғаныс қабаты ауа райының кері әсерінен қорғау үшін герметикалығы қамтамасыз етілген.

LRT жобасы мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ сыртқы қарыз және облигациялық қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

Бүгінде құрылыс қаржыландырылуы 2026 жылға дейін іске асыру мерзімімен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2015-2023 жылдар аралығында құрылыс 686 млн доллар сомасына қаржыландырылды. Жобаның жалпы құны – 1,9 млрд АҚШ доллары. Жобаны аяқтау үшін қалғаны 1,2 млрд доллар, ал І іске қосу кешенін іске қосу – 466 млн доллар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 қаңтарда өткен Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңесте LRT жобасы іске асырылуға тиіс екенін атап өтіп, жеделдетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама