×

1 млрд теңге: Түркістан облысында аудан әкімдігі бюджет қаржысын заңсыз пайдаланбақ болған

Прокуратура бірнеше мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды

 Динара Амантай 12.08.2023 | 18:00
Фото: stan.kz

Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд теңгеден аса қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура қызметкерлері аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтады.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзушылыққа жол берілмеді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама