×

Ел тұрғындарының 10 млрд теңгедей зейнетақы жинағы жеке компанияларға берілген

Аударымның орташа сомасы – шамамен 1,45 млн теңге

 Еркеғали Болатұлы 09.08.2023 | 09:49
фото: Halyq Uni

Жеке инвестициялық компаниялардың сенімгерлік басқаруында қазақстандықтардың 9,5 млрд теңгеден астам зейнетақы жинағы бар. Бұл туралы LS хабарлады.

Биыл 1 шілдеден бастап халықта зейнетақы жинағының 50%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыға беру мүмкіндігі пайда болды.

БЖЗҚ-да шілде айында аталған компанияларға өз қаражатын 583 салымшының сеніп тапсырғаны атап өтілді. Жеке басқаруға берілген қаражаттың жалпы сомасы 820 млн теңге болды.

Осы орайда, инвестициялық компанияларға өз жинақтарының жартысына дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегін ескермей беруге болатыны түсіндірілді.

Бұл ретте ерікті жинақтары бар салымшылар өз жинақтарының 100%-на дейін жеке басқаруға бере алады.

1 тамыздағы жағдай бойынша жеке басқаруда 9,8 млрд теңге зейнетақы активтері бар. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,45 млн теңге болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама