×

Жезқазғанның екі тұрғыны қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін тергеліп жатыр

Олар 60 млн теңге залал келтірген

 Динара Амантай 07.08.2023 | 09:47
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық әрекеті анықталды.

Күдіктілер «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда (YouTube бейнехостинг сайты, Whatsapp және Telegram мессенджерлері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып, халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген. 

Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.

Қазір ҚР ҚК-нің 217-1-бабы («Адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты «MetaGo» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.  

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама