×

Қостанайлық әйел қала әкімінен 14 млн теңгедей қаражат өндіріп алды

Ол төтенше жағдай салдарынан бұзылған үйді қалпына келтіруге рұқсат ала алмаған

 Еркеғали Болатұлы 04.08.2023 | 12:43
фото: Halyq Uni

Қостанайда 14 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелген әйел қала әкімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, тиісті қаражатты өндіріп алған. Істің мән-жайы Қостанай облыстық сотының ресми сайтында жарияланды.

Бұл ретте Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат Ш. Қостанай қаласының әкіміне, «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не төтенше жағдай салдарынан бұзылған тұрғын үйді қалпына келтіру үшін құрылысқа сәулет жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі СЖТ) беру міндеті туралы талабымен жүгінген.

Сотта талап қоюшының тұрғын үйінің өртенгені анықталды. Жер учаскесін пайдалану мақсаты жеке тұрғын үй салу болған.

Қостанай қалалық сотының шешімімен қала әкімінен талап қоюшының пайдасына тұрғын үйді қалпына келтіргені үшін 13 877 561 теңге өндірілген. Осыған байланысты Ш. жауапкерлерге моншасы бар тұрғын үй салу үшін 2 СЖТ және техникалық жағдай пакетін беру туралы өтінішпен жүгінген, - делінген сот хабарламасында.

Ал жауапкерлер бұл құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу сызбасына сәйкес келмейтіндігін айтып, сәулет жоспарлау тапсырмасын беруден бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама