×

Бизнеске заңсыз жаза қолданған салық органдарының бірқатар лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылды

2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды

 Халық үні 04.08.2023 | 12:12
фото: Halyq Uni

Бизнесті қорғау аясында прокуратура екі айлық мерзім өтіп кетуіне қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 92-1 бабы (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.

Мәселен, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС әкімшілік жауапқа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Прокурорлар осындай 3,5 мың істі анықтап, 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды.

Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жұмысы жалғасып жатыр.

Қазір салық органдары ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзім өткеннен кейін қозғау тәжірибесі тоқтаты.

Прокуратураның шаралары бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама