×

Бұрынғы вице-министрге қатысты тергеу аяқталды

Тимур Тоқтабаев 2022 жылдың қарашасында қамауға алынды

 Халық үні 31.07.2023 | 15:03
Тимур Тоқтабаев, фото: vlast.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қоры анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталып отыр.

Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.

«Шевченковское» кен орнын бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады.

Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бас прокуратура айыпталушы Т. Тоқтабаевты сотқа берді.

Еске салайық, 2016-2019 жылдар аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған Тимур Тоқтабаев 2022 жылдың қараша айында қамауға алынды. Тергеу соттың санкциясымен Т.Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының (элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8) қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама