×

Шымкенттік автокөлік иелері 1,5 млрд теңге салық төлемеген

«Сергек», «Интегра» және «Қорғау» жүйесі арқылы айыппұл төлемегендер де ұсталып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2023 | 16:35
фото: ашық дереккөз

Қазір Шымкент қаласында 36 мыңнан аса азамат автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Соның салдарынан қала қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылған.

Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында қала ішінде арнайы рейдтік тексерістер басталды. Полиция департаментінің жедел басқарау орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтап жатыр. Сондай-ақ «Сергек», «Интегра» және «Қорғау» жүйесі арқылы айыппұл төлемегендер де назарға алынған.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңнан астамы өткен жылғы салығын төлемеген.

Салық төлеушілерге хабарлама жолданған. Олар талапты заңға сәйкес 30 жұмыс күні ішінде орындамаса, салық бұйрығы қалыптастырылады. Әрі қарай оны да орындамаса, салық бұйрығы мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларға жолданады, - деді қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Аббасхан Сейдахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама