×

Білім беру саласында жемқорлыққа қатысты 102 қылмыстық іс тіркелген

Әртүрлі салаларда жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1 мың 100-ден аса ұсыным әзірленді

 Динара Амантай 20.07.2023 | 16:06
Фото: Halyq Uni

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 102 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің атуынша, жемқорлық тәуекелдеріне білім беру саласында сыртқы талдаулар жүргізілген. Антикор үшін жемқорлық көріністерін жоюда негізгі алдын алу құралдарын пайдалану басымдыққа ие.

Білім беру саласында ауқымды жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленген. Агенттіктің интеграцияланған талдауды пайдалануы жемқорлық схемаларын ішінен егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік берді. Осының арқасында бүкіл республика бойынша жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде білім беру саласындағы тұтас қылмыстық схемалар ашылды. Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларының, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының білім беру саласындағы лауазымды өкілдеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Осылайша, мектеп директорлары мен бухгалтерлері бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылықпен және басқа мәліметтер базасымен интеграциялаудың жоқтығын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған. Бұл білім бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік аудиторларды қамту кезінде болған. Бүгінде еліміз бойынша алдын ала 7,9 млрд теңге шығынмен білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелген.

Жалпы, талдау нәтижелерімен әртүрлі салаларда жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1 мың 100-ден аса ұсынымдар әзірленіп, олардың 33%-ын мемлекеттік органдар орындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама