×

Шымкентте жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкерлер сотталды

Мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспеген

 Динара Амантай 19.07.2023 | 11:07
Фото: Halyq Uni

Шымкентте жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкерлер сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері нақты жұмыстарды орындамай әрі қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпестен жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекетін әшкерелеген. Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған. Соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды.

Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама