×

Әлихан Смайылов зейнетақы жинағының шекті сомасы не үшін күрт өсетінін түсіндірді

Зейнетақы жинағын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өспек

 Халық үні 09.12.2021 | 10:37
Әлихан Смайылов, фото: azattyq-ruhy.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті сомасына қатысты түсініктеме берді.

Әлихан Смайылов бұл мәселемен премьер-министрдің басқа орынбасары айналысатынын және шекті соманы көтеру туралы арнайы шешімді ешкім қабылдамағанын айтты.

Бұл осы жылдың басында қабылданған жеткілікті шекті есептеу әдістемесінде болды. Ол жерде шекті мөлшер ең төменгі жалақыға негізделген. Өздеріңіз білесіздер, ең төменгі жалақы өсті және бұл дұрыс. Соның нәтижесінде жеткілікті шек те көтерілді. Ең төменгі айлық шамамен 41%-ке артты. Тиісінше, соның артынан жеткілікті шек те өсіп отыр, -деді Смайылов.

Жеткілікті шектің өсуі қандай да бір соманың қолжетімсіз болатынын білдіреді. Бұл әдістеме жылдың басында бекітілген, менің ойымша, бұл дұрыс әдістеме, - деді вице-премьер.

Еске салсақ, 3 желтоқсанда Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама