×

Жетісу облысында шенеуніктер аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 01.07.2023 | 16:43
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, арнайы прокурорлар құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысын, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкерді, сондай-ақ техникалық қадағалау бөлімінің екі қызметкерін ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді. Жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, олар бюджеттен мердігерге 500 млн теңгеден аса ақша төлеген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама