×

Астана күнін атап өтуге биыл қанша каржы бөлінеді?

Биыл Астана күніне орай әкімдіктің ұйымдастыруымен 100-ден астам мәдени іс-шара өтеді

 Айнұр Шошаева 30.06.2023 | 13:40
фото: Halyq Uni

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елорда күнін мерекелеуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.

Биыл Астана күніне орай әкімдіктің ұйымдастыруымен 100-ден астам мәдени іс-шара өтеді.

Оның 90 пайызы бюджеттен емес, өзіміздің мекемелердің күшімен өтеді. Қала бюджетінен 300 млн теңге бөлінеді деп жоспарлап отырмыз. Ол жыл сайын өткізілетін шараларға көзделген, биыл да солай бөлінеді. Қосымша бірдеңе болса, ол тек демеушілік негізде болады, - деді қала әкімі.

Астана қаласы мәдениет басқармасы елорданың 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жариялады.

Астана күнін мерекелеуге қалалық мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеменің ұйымдастыруымен 100-ден аса іс-шара жоспарланып отыр.

30 маусымда «Жастар» театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым.» мюзиклі болады. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

1 шілдеде сағат 20:00-де Амфитеатрда «Аялаған Астана» өнерлі жас әншілерді тәрбиелеуге арналған музыкалық байқаудың гала-концерті өтеді. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

2 шілдеде Домбыра күніне орай ЭКСПО алаңында көпшілікке «Домбыра дастан» шоу-концерті ұсынылады. Ол сағат 20:00-де басталады. Кіру тегін.

1-2 шілдеде Музыкалық жас көрермен театрының халықтың ыстық ықыласына бөленген «Гауһартас» музыкалық драмасы өтеді. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

2-3 шілдеде «Қаламгерлер» аллеясы мен №5 балалар кітапханасында Қазақстан жазушылар одағымен бірге «Астана – шабыт арқауы» атты ақын-жазушылармен кездесулер циклі өтеді. Кіру тегін.

3 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын мұра» Қазақстанның ең үздік дәстүрлі әнші, күйші, жыршыларының мерекелік концерті өтеді. Басталуы – сағат 19:00-де. Билеттер тикетон сайтында сатылымда.

4 шілдеде «Астана» концерт залында «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-сықақ кеші өтеді. Кеш сағат 17:00 мен 20:00-де басталады. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

4 шілдеде «Жастар» сарайында мәдениет басқармасына қарасты «НАЗ» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Ол сағат 19:00-ден бастап көрсетіледі.

5 шілдеде Амфитеатрда халық арасында танымал әртүрлі аспапта орындаушылардың «Елорда әуені» шоу-концерті өтеді. Басталуы – сағат 20:00-де. Билеттер тикетон сайтында сатылып жатыр.

5-6 шілдеде ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» эко-фестивалі өтеді. Кіру тегін.

5-6 шілдеде «Гүл шаһары – Астана» Республикалық суретшілер плэнері жоспарланған. Онлайн конкурс арқылы 80 жұмыс жиналып, конкурс қорытындысы бойынша ЭКСПО алаңына 15 үздік жұмыс көрмесі қойылатын болады. Кіру тегін.

5-6 шілдеде Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы ұсынылады. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

6 шілдеде қаланың шет аймағында тұрғын үй алаптарында қала тұрғындары мен қонақтарына «Думанды Астана» концерттері өтеді. Басталуы – сағат 18.00-де. Кіру тегін.

6 шілдеде ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Шарада эстрада әншілері Маржан Арапбаева, Аука, Дос, Akha, Мирас Жүгінісов, Қазбек Құрайш, Еркеш Хасен, Qanay, Raim өнер көрсетеді. Сонымен қатар көрерменнің алдына тағы бір атақты әнші шығады. Оның аты-жөні әзірше құпия сақталып отыр. Концерт сағат 18:00-де басталады. Кіру тегін.

6-8 шілдеде Орталық саябақта отбасылық демалысқа арналған Mereke Street фестивалі өтеді. Іс-шара сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін болады. Кіру тегін.

6-9 шілдеде Астаналық циркте «Franke» жұлдызды цирк бағдарламасы өтеді. Басталуы сағат 16:00-де. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

7 шілдеде «KITAP FEST» республикалық кітап көрмесі ұйымдастырылады. Ол сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін болады. Кіру тегін.

5, 6, 8 шілдеде Музыкалық жас көрермен театры арнайы Астана қаласының 25 жылдығына «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл премьерасын ұсынады. Билеттер тикетон сайтында сатылады.

8-9 шілдеде Орталық саябақта, амфитеатр аумағында көше тағамдарының фестивалі өтеді. Сондай-ақ бауырсақ пісіруден рекорд жасалады. Бұл іс-шара сағат 12:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Кіру тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама