×

Алматы облысында мектептерді жөндеуге бөлінген қомақты қаржы қолды болды

Тергеу аяқталды

 Дәурен Ерболат 23.06.2023 | 12:20
Фото: elabuga-gid.ru

Алматы облысында ауылдағы екі мектепті жөндеуге бөлінген қомақты қаржының аса ірі мөлшерде жымқырылғаны анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

2020 жылғы мамырда Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгеге «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге келісімшарт жасалған.

Құрылыс жұмыстары кезінде аталған компанияның басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамай, орындалған жұмыстардың актілерін қолдан жасап, аса ірі мөлшерде ақша жымқырған. Қылмыстық әрекет салдарынан «ПМК-7К» ЖШС есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге заңсыз аударылды, – деп жазылған хабарламада.

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты.

Сондай-ақ сотталушы мемлекетке келтірілген  57,5 млн теңге сомасындағы залал толық өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама