×

«ӨзенМұнайГаз» директорының орынбасары қамауға алынды

Ол таныстарын заңсыз жұмысқа алған

 Дәурен Ерболат 02.06.2023 | 15:42
Фото: ozen.kz

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты лауазымын теріс пайдаланды деген күдікпен ұстады.

Бауыржан Мамбетсапаев жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар танысын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз кіргізген, - деп жазылған хабарламада.

Алайда компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан аса тұрғыны кезекке тіркелген.

Тергеу барысында Бауыржан Мамбетсапаев таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағанын, олардың біліктілігі тиісті мамандыққа сәйкес келмегенін және басшы таныстарының жұмысқа мүлде келмегенін анық білетіні анықталды. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеті салдарынан мемлекетке 46 млн-нан аса теңге залал келіп, Жаңаөзен тұрғындарының компанияға жұмысқа тұру құқығы өрескел бұзылған.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры орынбасарының басқа да заңсыз әрекеттерге қатысының бар-жоғы, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің қаражатын жымқыру фактісі тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама