×

Атыраулық отбасы 120 мың теңге жалақыны жинап, 7 пәтер сатып алған

Қазір оның алтауын жалға беріп қойыпты

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 10:55
фото: видеодан скриншот

Атыраулық Айдана Түсіпова күйеуінің азғантай жалақысын жинай жүріп, 7 пәтер сатып алған. Ол АйнаLine бағдарламасында баспанасыз жүргендерге өз кеңесін айтты.

«Өзім декреттік демалыста отырдым. Ал күйеуімнің жалақысы 120 мың теңге болатын. Ата-енемізбен бірге тұрғандықтан, азық-түлік және басқа да шығындарды сол кісілер мойнына алды. Сондықтан жолдасымның ақшасын үй алу үшін жинай бердік. Солай 3 миллион теңге жиналғанын байқамай қалдық.

Әлгі қаражатқа біз сүрілейін деп тұрған үйден пәтер сатып алдық. Бес жылдан соң сол пәтер бізге 8 жарым миллион теңгенің үйі болып оралды. Қалған үйлерімізді ипотекаға алдық. Оның да жолы көп. Қазір 7 пәтеріміз бар, - деді Айдана Түсіпова.

Сондай-ақ ол көпшіліктің үй алар кезде жіберетін қателіктеріне тоқталып, өз кеңесін айтты.

Адамдар үй аламыз деп ақша жинай бастайды да, тек комфорт деңгейіндегі пәтерлерге көз тігеді. Бірден үлкен, 3-4 бөлмелі үй алуды жоспарлайды. Негізі ақшаңыз жетіп тұрған кішкентай үйден бастаған жөн. «Аязби, әліңді біл» деген бар. Егер осылай аз ақшаға үй алып үйренсеңіз, кейін пәтер алудың түрлі жолдары ашылады.

Бүгінде біз ата-енемізбен бірге тұрамыз. Жеті пәтеріміздің алтауын жалға беріп қойдық. Ал бір пәтерді жұмыс орнымыз ретінде ұстап отырмыз», - дейді жолы болған әйел.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама