×

Шетелге заңсыз шығарылған қаражат қалай қайтарылады – Тоқаев жауап берді

Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша заң қабылдау қажеттігін айтты

 Дәурен Ерболат 20.11.2022 | 09:29
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс бергеннен кейін шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан 15 миллиард доллардан 50 миллиард долларға дейін актив шығарылған деген мәлімет бар. Осы қаражаттың Қазақстанға қайтарылуы үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Адамдардың еркі ме, әлде мемлекеттің жоспарлы жұмысы керек пе? – деп сұрады журналист.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін мемлекеттің жоспарлы жұмысы жалғаса беретінін атап өтті. 

Мен бұл туралы бұрын да айттым. Бас прокурор басшылық ететін арнайы комиссия құрылды. Бұл шаруаны өзім жеке үйлестіремін. Уақыт өте келе елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару бойынша заң қабылдауымыз керек деп топшылаймын. Өз еркімен қайтару туралы айтсақ, оны қолдаймыз, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама