×

«Мәжіліске жаңа депутаттар келсе де ештеңе өзгермейді». Депутат бір заңды өзгертуге 9 жыл кеткенін айтты

Ал жалған кәсіпкерлік туралы заңдағы олқылықты Қылмыстық кодекстен алдырып тастауға 8 жыл жұмсаған

 Ербол Тұрымбет 19.09.2022 | 13:42

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиновтің айтуынша, «Aq jol» ҚДП конституциялық заңдарға саяси реформаларға қатысты 70-ке тарта түзету берген. Оны Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Депутаттардың бәрі демалыста жүргенде шілде айында «Aq jol» ҚДП депутаттық фракциясы дайындап, осы заңды әзірлеуші өкілетті орган – Әділет министрлігіне тапсырдық. Осы заңдарды қазір қарастырып жатыр. Өкініштісі, өкілетті органдар таратыпан біздің заңдарға қолдау көрсетіліп отқан жоқ, – дейді ол.

Депутаттың сөзінше, сайлау әділ өтіп, Мәжілістің жаңа құрамы бекітілді дегеннің өзінде ештеңе өзгере қоймайды. Өйткені, депутаттың қолында президент айтқандай, «мықты президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет» деген формулаға сай еш тетік жоқ. 

Елді аралаймыз, халықпен кездесеміз. Әр түрлі әлеуметтік мәселелер бар. Бір жерде көпір, жол салынбай жатады. Былтыр ғана Алакөлді курорт қыламыз дедік, ұшақ қонады деді. Үржарда биыл ұшақ қонған жоқ. Ел бұрынғы ескі жолмен шаңдатып жүр. Соны шешу үшін министрліктердің табалдырығын тоздырамыз. Министрлерді қуалағандай боламыз. Қазір ықпалды депутаттар емес, біз керісінше, есеп беретін депутатқа айналдық, – дейді мәжілісмен.

«Ақ жол» фракциясы мүшесінің сөзінше, қандай да бір ұсыныс берілгенімен, оны Үкімет шығын кетеді деп есептесе, қандай алтын заң болса да өтпейді. Сондықтан ақылды, әділ, халықтың ішінен шыққан депутат болғанымен, қолынан түк келмей, Үкіметтің аузына қарап отырады. Себебі бюджетсіз, қаржысыз бәр нәрсені шешу мүмкін емес. Ал бюджетті ұстап отырған халық дауыс бермеген министрлер бәрін шешіп отыр. Соны орнына келтіру үшін тиісті заңдарға түзетулер енгізіп жатқанын айтты.

«Aq jol» ҚДП Мәжілістегі фракциясының дифференциалды тарифті енгізуге 9 жыл уақыты кеткен. Ал жалған кәсіпкерлік туралы заңдағы олқылықты Қылмыстық кодекстен алдырып тастауға 8 жыл жоғалтқан

Олар бүгінде біреуге көмек керек болса, бір дерге жылу жинау керек болса, әкімнің жыртығын жабу керек болса, жасыратын ештеңесі жоқ, осынша ақшадан қосылыңдар деп жинала кетеді. Олармен тікелей қатынастамыз, – дейді Берік Сәлімжанұлы.

Оның айтуынша, фракция депутаттары биылғы бюджетті қолдамаған. Бірақ, көпшіліктің даусымен жеңіліп қалған. Оның үстіне, бірінші заңда қабылданбаса, келесі екінші заңда енгіземіз деп министрлер «завтрактармен» асырап кететінін де жасырмады.

*Ескерту: Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиновпен сұқбат Астана қаласының атауы ресми түрде қайтарылғанға дейін алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама