×

«Қазақ даласындағы тұңғыш мектептiң бipнешеуiн Жәңгip хан салдырған» - Риза Әлмұқан

1841 жылы мектептің алғашқы ұстазы да өзі болыпты

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2022 | 13:02
фото: дереккөз

Журналист, зерттеуші ғалым Риза Әлмұқан өзінің Facebook-тегі парақшасына қазақ даласындағы тұңғыш ұлттық метепті салған Ыбырай Алтынсарин деген пікірге тоқтау қойды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, adyrna.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Тарихи әдiлдiк қайда? Қазақ даласындағы тұңғыш мектептi, бip емес, бipнешеуiн Жәңгip хан салдырды ғой! Қай мәселеде де дұрысын айта алмайтындай, не мәжбүрлiк туды басымызға?! Жәңгір хан салдырған мектептер туралы жазамын деп едім, уақытым болмай жүр. Бірақ енді жазбасам... - деп пікір білдірген ол, қолда бар деректерге сүйене отырып.

Ғалымның тарихи хроникаға сүйеніп ұсынған деректерін қолдағандар да бар.

Риза апай, дұрыс айтасыз. Алғашқы мектепті 1841 жылдың 6 желтоқсанында Жәңгір хан ашқан. Мектепке арифметика, география, орыс тілі пәндерінен К. Ольдекопты, діни оқытуға С. Әминевті тағайындаған. Мектеп туралы құжаттар бар. Хан Ордасы музей-қорығының қызметкерлері құжаттар негізінде кітап шығаруға деректерді толықтырып дайындауда, - деді желі қолданушылардың бірі.

Еске сала кетсек, Қазақ даласындағы тұңғыш білім ордасы, яғни алғашқы училище Бөкей ордасында пайда болған деген дерек бар. Сондай-ақ мектепті ұстап тұру шығындары мен мұғалімдердің жалақыларын Жәңгір хан өз қалтасынан төлеп отырған. Зерттеушілердің айтуынша, мектептің алғашқы ұстазы да оның өзі болыпты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама