×

Ескі саяси гвардия кетсін деген барлық халықтың талабы емес – Бердібек Сапарбаев

Қазақстанда люстрацияны талап етіп отырған халық емес, өзін саясаткерсымақ санайтын кей азаматтар

 Халық үні 10.09.2022 | 10:01
Фото: halyq-uni.kz

Зейнеттегі саясаткер Бердібек Сапарбаев биліктің «Жаңа Қазақстанды» құру тәсілдеріне қатысты ойын білдірді. «Сұрауы бар» Youtube арнасы жүргізушісінің «Жаңа қоғамды ескі адамдармен құруға бола ма?» деген сұрағына ол жаңашылдықты жаппай халық талап етіп отырған жоқ деп есептейтінін айтты.

Менің ойымша, ол барлық халықтың талабы емес. Ол кейбір саясаткер болып жүрген азаматтардың талабы. Ешқандай мемлекетте ескі адамдар кетсін, барлығы жаңадан келсін деген нәрсе жоқ - дейді мемлекет және қоғам қайраткері.

Кезінде 5 облысты басқарған экс-әкім президенттің сөздеріне сілтеме жасайды.

Екіншіден, президенттің өзі айтып отыр, біз бұрынғының барлығын жоққа шығармауымыз керек деп. Қазіргі заманның талабына сай толықтырулар, өзгерістер енгізуіміз керек. Сабақтастықсыз болмайды. Әңгіме менің ескі гвардияның мүшесі екенімде емес. Мен қазақтың азаматы ретінде – бәрін ысырып тастау керек дегендермен келіспеймін. Екіншіден, бізде соған дайын кадрлар болса екен, – дейді Бердібек Сапарбаев.

 

 Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша көріңіздер.

https://www.youtube.com/watch?v=btIOvx4FV4w

Серіктес жаңалықтары

Сараптама