×

Заңгер қысқа дейін барлық заңның өзгертілуі керектігін айтты

Нақты өзгерістерді халық сезіне бастайды, –  деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2022 | 15:25
фото: ашық дереккөз

«Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Желмая» жобасына берген сұхбатында қысқа дейін өзгеретін барлық заңның өзгертілуі керектігін айтты.

Биылғы қысқа дейін өзгеретін барлық заң өзгертілуі керек. Бүкіл заң жұмыс істеуі керек. Нақты өзгеретін 31 бап бар. Солар бойынша үлкен жұмыс істелінеді. Ол тек саяси емес, әлеуметтік заңға да, барлық заңның түріне әсер ететін өзгерістер. Жаңа Қазақстан деген сол, –  деді Серік Ақылбай. 

Сонымен бірге ол халық Жаңа Қазақстанның не екенін мынадай жағдайда ғана түсінетінін атап өтті. Оның айтуынша, заңдарды соңына дейін өзгертіп, Парламентке өзгерістер енгізіп, Конституциялық сот болып, адам құқығы жөніндегі омбудсменнің деңгейін көтерген соң халық Жаңа Қазақстанды сезіне бастайды. Осы ретте, ол Конституциялық соттың да маңыздылығын атап айтты.  

Сот туралы заң келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. Яғни, оған дейін заң толық дайын болуы керек. Ал әзірге Конституциялық кеңестің жұмысы жалғасып жатыр. 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот жұмысқа кіріседі. Нақты өзгерістер болады. Соны халық сезіне бастайды, –  деді «Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.   

Заңгер қысқа дейін барлық заңның өзгертілуі керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама