×

Саакашвили Зеленскийге түрмеден хат жазды

Мен Грузияда қамауда отырсам да жүрегіммен Украинамен біргемін

 Дастан Жұмабекұлы 17.08.2022 | 15:28
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Грузия түрмесінде отырған осы елдің экс-президенті Михаил Саакашвили украин халқына хат жазып, президент Владимир Зеленскийге месседж жолдады.

Ол хатта Грузияның түрмесінде қамауда отырса да жүрегімен Украинамен бірге екенін айтады.

Мен Грузияда қамауда отырсам да жүрегіммен Украинамен біргемін. Менің денсаулығым нашарлады. Мен отандастарым (украиналықтар) үшін мақтанамын. Украин халқының бірлігі, сарбаздарымыздың ерліктері мен президент Зеленскийдің қиын кезде елімізге рух беріп, билікті бір қолда ұстағанының өзі маған ерекше дем беріп отыр. Мен Украина елінің азаттығы мен бостандығын қалаймын. Сол үшін қасық қаным қалғанга күресемін. Украиналықтар бір-бірлерін қиын жағдайға қалдырмайды деп сенемін. Мені де ешқашан естен шығармайды деп ойлаймын, –  деп жазды ол.

Саакашвили осымен Зеленскийге бірнеше хат жазып отыр. Ол Украина президентіне соңғы рет былтыр 5 қазанда хат жазған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама