×

Ресей жағында соғысушы әскери күштері арасына жік түсті

Екі облыстың сарбаздары арасында өзара бәсеке бар

 Дастан Жұмабекұлы 17.08.2022 | 09:44
фото: ашық дереккөз

Ресей жағында соғысушы Донбастың екі облысы әскерлері арасында жік түсті.

Бұл туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады.

Қолда бар мәліметке қарағанда, «ЛХР» деп аталатын өздерін-өздері жариялаған «республиканың» содырлары Донецк облысының жерінде соғысудан ресми түрде бас тартып, Луганск облысының сыртындағы соғыс қимылдарының тым жанкешті екеніне шағымданған.

Жақында осы жағдайды луганскілік содырлардың топ болып тұрып, баяндаған видеосы шықты. Сюжетке қарағанда, шыныменде екі облыстың әскери күштері арасында өзара бәсеке бар екенін көруге болады. Сепаратистер бір-бірлерінің жерлері үшін опат болып кетуге құлықты емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама