×

Головкин өзін Мұхаммед Әлиге теңеді

Ол аңыз адам туралы ойын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2022 | 18:01
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өтетін үшінші кездесу туралы ойын айтты. Отандасымыз әңгіме барысында өзін әйгілі Мұхаммед Алимен теңеді.

«Канеломен» үшінші кездесудің болатынын білгенде жақсы көңіл-күйде болдым. Бұл тарихи кездесу болады. Қазір кейбір боксшылардың екінші кездесуі, яғни реванш алатын айқастары аса қатты қызық емес. Ал біз үшінші рет кездесеміз. 

Егер өзімді салыстырып айтатын болсам, бұрын Мұхаммед Әлидің Кен Нортонмен және Джо Фрейзермен трилогиялары болды. Олар – аңыз адамдар. Сол сияқты мен де өзіме қарап, бокс әлемінде қаншалықты маңызды адам екенімді сезінемін, –  деді Головкин SerEbro EnlosDeportes YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама