×

Путин Орбанға Закарпатьені сыйлауға уәде берген – сарапшы

РФ президенті Венгрияның премьер-министріне өзіне қолдау көрсеткені үшін жер беремін деген

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 09:29
Көрнекі фото

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан РФ президентінің Венгрияға Закарпатьені сыйлауға уәде бергенін мәлімдеді.

Бұл туралы «УНИАН» порталы хабарлады.

Венгрияның премьер-министрі Украинадағы соғысқа қатысты әңгіме айтып, тағы да басы дауға қалды, – делінген хабарламада.

Ресейдің оппозициялық саясаткері және құқық қорғаушы Марк Фейгин «24 канал» телеарнасына берген сұхбатында РФ президенті Владимир Путиннің Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанға өзіне қолдау көрсеткені үшін Украинаның бір бөлігі – Закарпатье аймағын беруге уәде еткенін айтты.

Қазір Еуроодақ елдерінің саясатына қарсы келіп, Ресеймен арадағы байланысын үзгісі келмей жүрген тек Венгрия премьер-министрі ғана болып отытр.

Жақында ғана Виктор Орбан Батыстың санкциялары Ресейге түк те әсер етпейтінін, қайта оны күшейте бастағанын айтып, өз елі мен жерін қорғап жатқан қарапайым украиндарға бұл мәнсіз соғыс екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама